Тоғыз санды торғауыт, Онсандайын оймауыт, Барабан соғып, шың қағып («Ер Тарғын»). Шың ертедегі музыкалық аспаптың бір түрі болған. Қазір де Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Қыргызстанда ел ішінде (әсіресе бақташылар арасында), кездесетін ерінге қойып үрлеп тартатын шаңқобыз бен өзбектердегі музыка аспабы чанг-тың түр-тұлғасында, әуен-сазында айырмашылық жоқ. Барабин және Тобыл диалектісінде -шаң//чаң — қоңырау (Радлов. Опыт сл. IV), ал, түрік тілінде — чаң//шаң — қоңырау, чын — металға соққанда шығатын дыбыс (Радлов. Оиыт. сл. III). Ұйғырлардың ең ескі музыкалық құралы чанды жасаған, 12 мұқамның түпкі шығарушысы — Пері-Чәңгір деген адам болған, мифтық сипаты бар біздің Қорқытқа ұқсас бұл адам ұйғыр ән-күйінің атасы саналатыны туралы аңызды күні бүгінге дейін Шыңжаң ұйғырлары арасынан естуге болады (С. Мұқанов,. «Алыптың адымдары», Алматы, 1959, 282). Беті жалпақ, 56 шегі бар, шектерін шыбықпен қағып ойнайтьш ұйғыр халқының ұлттық музыкалық аспабы чаң мен монғолдардың музыкалық тарелкасы қан [г], тіпті парсылардағы музыкалық құрал ретінде пайдаланатын арфа тектес (чанг) ның да о бастағы түбі бір, төркіндес аспаптар деуге негіз бар. Егер, Будаговтың сөздігіне сүйенетін болсақ, шаң-шүң, шыңғыру, шіңкілдеу, шаңқылдау т. б. -ның түп төркіні чаң мен чың және чжун болу керек (Будагов. Ср. сл. тур.-тар. нар.). Қытай тілінде жалпы музыкалық аспап атаулы түгел цинь [18] деп аталады. Осы циньның бағы заманнан келе жатқан екінші мағынасы — жартылай дөңгелек, корпусы ағаш, жібектен жасалған 5-7 шегі бар лютня. Қытайда қағып дыбыс шығаратын металл қоңырау чжун, шекті аспап цинь және үріп тартатын шэн деген музыкалық аспаптар болған (БСЭ, т. 21, 298). Қытай тілінде чжун [19] — қоңырау, шэн [20] — дауыс, үн, интонация, музыка т. б. чан [21[ — ән, ән салу, өлең айту; чан [22] — әнші, актер; чан [23] — қосылып ән шырқау; цян [24] — саз, әуен, мелодия, топ, тембр; сянь [25] — шекті аспап мағынасында қолданылады (Кит.-рус. сл., М., 1959). Жоғарыдағыларға негізделгенде музыкалық аспап ұғымындағы күллі шың атаулы сөздің арғы тегі қытай тіліндегі музыкалық аспап ұғымындағы чжун//цинь және шэн деп топшылауға болады. (Б. Б.)