Шығынсыз, шашаусыз

lat: Shyǵynsyz, shashaýsyz.

Шығын шығармай, ысырап етпей.

Егінді шығынсыз жинап алу ең басты міндет болып отыр (3. Иашкин).

Бір түйір дән ексек, шашаусыз жинадық, қора соғып, мал бақтық (М. Сатыбалдиев).