lat: Shyǵynyn [ornyn, esesin] toltyrý
а) Шығасыны өтеу, орнына келтіру.
Оның есесін толтыру сендердің үлестеріңе тиеді (Өнегелі өмір).
Арада біраз уақыт өткенде «орнында бар оңалар» дегендей, осы олқылықтың орнын толтыруға әрекет еткен қаламгер болды (“Қаз. әдеб.”).
Әрине, қар да кетер, жаз да шығар, бірақ апат болған малдың орнын толтыру қиын болады ғой (Ә.Жылқышиев, Мешін жылы).
ә) э к о н. Төлеу.
Облигация оның иесінің ақша қаражатын салғанын куәландырады және оған белгіленген процентті төлеу уақыты көрсетілген нақты (номиналды) құнының орнын толтыру міндетін дәлелдейді (Б.Жүнісов, Нарық. экон. негіз.).