Шын жүректен

lat: Shyn júrekten

Шынайы, таза. Бірақ бұл сөзді ол Еркебұландай ш ы н ж ү р е к т е н айтпады, тек жолдастық сыпайылықтан шыға алмай тұрған жандай пішін көрсете айтты (І.Есенберлин, Шығ.). “Кісі баласынан бір игілік көрейік деп жүрген жоқпыз, тек байғұстың сауабы тие ме деп жүрміз ғой, уһ!” деп, ш ы н ж ү р е г і м е н күрсініп, кәдімгідей қамығып қояды (Т.Ахтанов, Таңд.). Осы жазда Финляндияда “Әлем жазушылары ақылсыздыққа қарсы” ұранымен өткен Халықаралық Лахти форумына қатысып қайтқаны үшін де ш ы н ж ү р е к т е н қуана аламын (З.Серікқалиұлы, Алтын жамбы). Аты бар әжептәуір әкең Кенен, Жақсы ғой өзіңе де әкем деген, Еңбек ет ел-жұртыңа ш ы н ж үр е к т е н, Сұрайтын менің қолқам Төрткен сенен (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.). Орта ғасыр, сені айтамыз кеше деп, Романдар жазамыз да неше бет. Орта ғасыр өлетұғын адамға Көрсететін ш ы н ж ү р е к т е н қошемет (Ж.Жұматаев, Ләйлә).