Шырышты қабықша

lat: Shyryshty qabyqsha

целомды жануарлардың асқорыту, тыныс алу, зəр шығару жүйелері мүшелерінің, мұрынның, ортаңғы құлақтың ішкі қуыстарының, бездердің шығару өзектерінің ішкі бетін астарлап жататын қабықша. Қалыңдығы 0,5-4 мм. Шырышты қабықшаның өзінің бездері арқылы бөлінген шырышпен тұрақты түрде ылғалданып тұрады, себебі, мүшелерді кеуіп кетуден сақтайды, асқорыту жолдары арқылы өтетін қоректің үйкелісін азайтады. Бір немесе бірнеше меншікті дəнекер ұлпалы қабат, тегіс бұлшықет қабаты, шырышасты қабықша сияқты эпителий қабаттарынан тұрады. Меншікті дəнекер ұлпалы қабатта жəне шырыш асты қабықшада қан жəне лимфа тамырлары орналасқан, лимфоидты ұлпа, нервтер жинақталады.