Сіңіру

lat: Sińirý

түрлі заттардың жануарлар ұлпаларының торшалық элементтері арқылы (ішек бүрлері, мембрана т.б.) қанға жəне лимфаға өтуі. Сіңіру процесі негізінен ас қорыту жолында жүреді, сонымен қатар өкпе қуысында, плеврада, жатырда, қуықта, тері беткейінде, кілегейлі қабықта орын алады. Қарапайымдарда сіңіру пино- жəне фагоцитоз арқылы атқарылады. Жоғары сатыдағы жануарларда сіңіру аппараты күрделене түседі де, аш ішекте бүрлер мен микробүрлер пайда болады. Осының нəтижесінде сіңіру беткейінің ауданы бірнеше есе көбейеді. Аш ішекте сіңіру процесі бірнеше механизмнің нəтижесінде атқарылады: 1) диффузия концентрация градиенті нəтижесінде; ə) белсенді (ырықсыз) тасымалдау (заттардың мембранадан градиентке қарсы белгілі мөлшерде қуат жұмсаудың нəтижесінде өтуі) жəне пассивті (ықпалды) тасымалдау (заттардың тасымалдағыштар əрекетімен қуат шығынынсыз өтуі); 3) пиноцитоз.