өсімдіктерде, жануарларда, микробтарда пайда болатын тұтқыр сұйықтық. Жануарлардың сілекейі – сілекей бездерінің секреттері, олар тері жабынының бетіне жəне басқа да органдардың ішкі қуысына бөлінеді. Химиялық табиғаты бойынша гликопротеидтердің күрделі қосылыстары. Органдар мен жабынды ұлпаларды механикалық зақымдалудан қорғайды, тағамның ас қорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз етеді, сонымен қатар иммунологиялық жəне бактерицидтік активтілігі бар. Көптеген бактериялардың клетка қабығында қорғанышты сілемейлі қабығы бар. Семенная жидкость – ұрықтық сұйықтық, секреттерден тұратын, ұрық безінен жəне көмекші аталық жыныс жүйесінің бездерімен өндірілетін сперманың сұйық бөлігі. Ұрықтық сұйықтық сперматозоидтар үшін қоректік заттан, буферлі жүйеден, сонымен қатар аналық жыныс жолынан жеңіл өту үшін шырыштан тұрады.