сілекей бездерінен бөлінетін сұйық өнім. Ол ауыз қуысын дымқылдап, шайналған азықты шылап, жентектеуге, тамақ (азық) жентегін жұтуға мүмкіндік туғызады. Сілекей денедегі су мен минералды заттардың алмасуын, ішкі ортаның осмостық қысымын, əрекетшіл реакциясын реттеуге қатынасады. Оның құрамында көмірсуларды ыдырататын əлсіз ферменттер болады.