Сірлі сұйықтық

lat: Sirli suıyqtyq

б и о л. Дене қуыстарындағы (көкірек, құрсақ, жамбас) бір қабатты жалпақ эпителий жасушалары мезотелиоциттер бөліп шығаратын сұйықтық. С і р л і с ұ й ы қ т ы қ ішкі мүшелердің бір-біріне жабыспай өзара еркін қозғалуын қамтамасыз етумен қатар, қорғаныш қызметін де атқарады (Қаз. тілі термин. Биология).