з а т. 1. Өсімдіктердің жапырақ пен бүрінен айырылған сида сабағы мен үшкір қылқандары. Аласа ағаш өсімдігі. С о я у ы сирек, жіңішке, 12 –15 мм (К.Шалекенова, Жеміс.). Жүзген мен сексеуіл әлі бүр жармапты, с о я у қалпы (Ә.Кекілбаев, Бір уыс.). Қазір шөп қатайып, бүршігінен арылып, с о я у тартқан кез (К.Боқасов, Әке.). 2. Тікен, шөгір. Тораңғылдың басын тұжырып қоятыны – елден ерек сереймесін, өзге ағаштармен тең өссін дегені: с о я у болмай, жапырақты, күлтелі, паналы болсын дегені (Ж.Аймауытов, Шығ.). Ол сүйенемін деп тікенек қабады, алақанына с о я у кіреді (Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.). Табаныма с о я у кіргендей (Н.Қазыбеков, Тұсаукесер.). Мынау белеңдерден жалаң аяғын с о я у тілген жалшыларды көруші еді (К.Қазыбаев, Дәуір.). // Ірі, ұзын, сойдақ. Себелеп құйған қара нөсерден айылын жимаған тек сойдақ с о я у қара тас қана (Ә.Кекілбаев, Дала.). Ағаш күнге талпынады, күнге өрлеген ағаш өзгеден бой асырам деп, с о я у болады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Аралдағы сәні кеткен с о я у ағаштар (Ж.Аймауытов, Шығ.).