СОЯ

lat: Soıa

з а т. ө с. Әртүрлі тағам әзірленетін бұршақ тұқымдас дақыл, қытайбұршақ. Белоктар етте, балықта, жұмыртқада, сүтте, сүттен жасалған тамақтарда, ас бұршақта, сұлыда, с о я д а көбірек кездеседі (Б.Омарұлы, Жүрек. ау- ру.). С о я ертеден белгілі, жер шарына көп таралған бұршақ тұқымдас дақыл (X.Боранғазиев, Жемшөп.). Зығырдың, күнбағыстың, с о я н ы ң күнжарасы ең құнды деп есептеледі (А.Елеманов, Қой шаруаш.).