Сол айтылғаннан, сол істелінгеннен кейін. Содан соң біраз жерге дейін еңбектеп жетті де, басын көтеріп, арқасын қарағайға сүйеп отырды (Қ. Исабаев). Сосын жаяу ауылға карай беталып жүре бердім (С. Шәріпов). Сонан соң өлеңнің адамға егер әсерін ақынның ағынан жарылған адалдығы мен сезім шынайылығы белгілейтінін естен шығаруға болмайды («Қаз. әдеб.»). Сонсоң дәптерді бетіме лақтырып жіберді де, әдепсіз сөз айтты («Халық мұғ.»). От жағып сонсын қасына, Қою күйін пісіріп отырғанда капыда, Бір тасын апты түсіріп (Қ. Мұқышев).