СОЛИСТ

lat: Solıs

[итал. solista] з а т. м у з. Музыкалық шығарманы жеке орындайтын адам. Болат қазақтың Абай атындағы Ленин орденді академиялық опера және балет театрына с о л и с т болып орналасқан еді (Ш.Сариев, Арайлы.). Драмалық тенор даусы бар ол операға консерваторияны бітірген с о л и с т е р келгенше таңдамалы әнші болып жүрді (С.Мұқанов, Саяхат.). Енді Алмас сахнаға с о л и с т болып шығатын тұңғыш қазақ болды (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.).