lat: Solıs
зат. Музыкалық шығарманы жеке орындайтын адам.
Болат қазақтың Абай атындағы Ленин орденді академиялық опера және балет театрына солист болып орналасқан еді (Ш.Сариев, Арайлы.).
Драмалық тенор даусы бар ол операға консерваторияны бітірген солистер келгенше таңдамалы әнші болып жүрді (С.Мұқанов, Саяхаттар).
Енді Алмас сахнаға солист болып шығатын тұңғыш қазақ болды (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.).