Соқырлық, зағиптық, әздік

lat: Soqyrlyq, zaǵıptyq, ázdik.

Соқыр болушылық, көре алмағандық. Екі көзім түн болды, жарық дүние көре алмай, Шалқып та бір жүре алмай, Соқырлық ауыр іс еді («Пернедегі термелер»), Көрмеу үшін көп сұмдықты жердегі, Загиптығым жақсы ма деп отырмын (М. Әлімбаев). Сүймесем, айтар ма едім, саған? Бейшенді әздікке қимаймын, білдің бе (И. Жақанов).