(лат. socialis - коғамдық) — индивидтің әлеуметтік-мәдени тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жинақталатын еңбек машықтарын, білім нормаларын, бағалы қазыналарды, дәстүрлерді сіңіріп, одан әрі дамытуы, индивидті қоғамдық, қатынастар жүйесіне қатыстыру және оның бойында әлеуметтік қасиеттерді қалыптасыру процесі. Тәжірибені алмастырудың тетігі тіл және адамзат іс-қызметінің затқа айналған нәтижесі, ең алдымен еңбек құралдар болып табылады. Биологиялық шектелуден босану адамның жан-жақты дамуына, оның адамгершілік тұрғыдан жетілуіне мүмкіндік тудырды, мұндай жағдайда Социализация процесініңде адамның биологиялық қасиеті оның әлеуметтік сапалары мен бірге әрекет етеді (қ. Биологиялық және әлеуметтік). Социализация кез-келген қоғамда болып жатады, оның сипаты мен өлшемі белгілі әлеуметтік-экономикалық құрылыммен, қоғамдық сананың формасымен айқындалады. Социализация белгілі әлеуметтік «форманы» индивидке механикалық кешіру арқылы емес, оның субъективті әлемі арқылы, объективті қоғамдық қатынастардың субъектісі ретіндегі адамның даралық қасиеттернен өзара әрекеті арқылы іске асырылады. Сондықтан Социализациялау шегі әрбір жекелеген адамның оның әлеуметтік белсенділігі, шығармашылыққа ықыласы мен өз қабілетін дамытуға деген мүдделігі жоғары болған сайын елеулі болады. Жеке адамның Социализациялану аясы оның отбасы тәрбие және оқу орындары, еңбек ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, дос-жарандары, табыстары болып табылады. Жақын әлеуметтік ортаның күрделі әрі сан алуан «микрожағдайы» индивидтің әлеуметтік тәжірибелі игеруіне түрліше әсер етіп, Социализациялаудың мазмұны мен дәрежесіне елеулі ықпал жасайды.