19 ғасырдың 2-жартысымен 20 ғасырдың басындағы социологиядағы ағым. Бұл мектептің негізгі қағидалары биол, заңдарын (тіршілік үшін күрес, табиғи сұраптау, организмнің клеткалық құрылымы және т.б.) адамзат қоғамының өміріне механикалық түрде көшіруге, сондай-ақ евгеника және нәсілшілдік идеяларын пайдалануға құрылады. Қоғамдық өмір құбылыстарын биологияға сілтеме жасай отырып түсіндіру ғылымға жат. Бұл ілімнің таптық мәні қоғамдық өмірдің айқын заңдарын көлегейлеу де, адамға «өзгермейтін түйсіктерді», өзімшілдікті, залымдықты және басқа да қасиеттерді танып, таза биологиялық жанды нәрсе ретінде бейнелеуде жатыр.