құл иеленуші және феодалдық құрылысқа тән таптық айырмашылық формаларының бірі. Сословие тек коғамдағы өзінің нақты жағдайымен ғана емес, сонымен бірге мемлекетте алатын заңды орныменде ерекшеленетін қоғамдық топтар болып табылады. Белгілі бір Сословиеға жату тұқым қуалаушылық деп есептелді. Мысалы, крепостнойлық Россияда жоғары пұрсатты сословиеға дворяндар мен дін қызметшілері жатқызылды. Дворяндар алым-салықтан азат болды, дене жаралауына тартылмады және оларды тек ерекше, дворяндық сот қана соттай алды. Меншік пен крепостной шаруаларды иелену правосы да тек соларга ғана берілді. Сословие төменгі салық төлейтін сословие (негізінен қаланың ұсақ қолөнершілері, саудагерлер) мен шаруалар болды. Сословиеға бөлудің сарқыншақтары көптеген елдерде, әсіресе, әбден феодалдық қатынастар сақталған елдерде күні бүгінге дейін сақталып келеді.