lat: Sottalý, aıdalý, kesilý.
Қылмыс жасап жазықты болғандығы үшін бас бостандығынан айыру. Ғ. Әбдіғұлов он екі жылға сотталды ("Соц. Қаз"). Қазақ даласы патша үкіметінің түрмесі болды. Патшаға қарсылардың бірі де осылай қарай айдалды (X. Бекхожин). Ана жылы сен кесіліп кеткенде Дөңгелектің баласы есіктен де қараған жоқ (Ж.Алтайбаев).