lat: Spam
(ағылш. spam)
– коммерциялық және өзге де жарнаманы немесе хабарламалардың басқа түрлерін оларды алуға ниет білдірмеген тұлғаларға тарату. Қазіргі таңда бұл түсінік кеңейіп, бұқаралық әрі алдын ала көзделмеген жарнаманың барлық түрлерін – форумдардағы жарнамалық сілтемелері бар посттар, хабарламалармен шұғыл алмасу жүйелеріндегі жарнамалық хабарламалар, жарнамалық парақшаларды, буклеттерді шынайы пошталық жәшіктерге және т.б. таратуды қамтиды.