(лат. speculatio — аңғару, байқау) білімді спекулятивтік типте құруға, яғни оны практикаға сүйенбей, рефлексия көмегімен дамытуға негізделген философиялық жүйелер. «Таза ақыл күшін» негізге ала отырып, Спекулятивті философия белгілі бір ой қорытатын принцинтер жасап, солармен бүкіл объективті өмір шындығын қамтуға ұмтылады. Мұндай білім типінің мүмкіндігі жаратылыстану ғылымы тәжірибелік білімнің жеткіліксіздігіне, регулятивтік принциптердің дара тәжірибесінен оның ұйымдастырылуының шығарылмайтынына санада тәжірибелік таным арқылы дүниенің тұтас көрінісінің болуына, адамның бүкіл ғылыми білімді жинақтауға ұмтылуына байланысты. Бастапқыда Спекулятивті философия заттардың сезімнен тыс негіздері туралы ілім — метафизика түрінде қалыптасты. Ал егер, Аристотельде, мысалы, мұндай ілім философиялық білімнің ерекшелігін ұғынудың өзіндік формасы болса, орта ғасырларда спекулятивтік бірінші кезекте теологияны бағындырған схоластиканың сипаттайды. 17—18 ғасырларда философияның нақты ғылымдарға (механика, математика) бағдар алуына байланысты антиспекулятивтік ағым пайда болып, мұның өзі метафизикалық ойлау әдісінің үстемдігіне әкеп соқты. Ал спекулятивтік ағымдар натурфилософия түрінде сақталады. Спекулятивтік Гегель жүйесінде қайшылықтарды диалектикалық тұрғыдан шешуге қол жеткізетін және пайымға қарама-қарсы қойылған (Парасат және пайым) дұрыс ойлы нәрсе ретінде көрінеді. Осының арқасында Гегель спекляция шеңберінде «заттың өзін айқындайтын шынайы мазмұнды ашып береді, әйтсе де сонымен бірге спекуляция «заттың мейлінше парасатсыз және жасанды кұлдығына түседі, ол барынша кездейсоқ және барынша дара анықтаманы абсолютті қажеттілік және жалпыға бірдей нәрсе ретінде қарастыруға мәжбүр болады» (Маркс 1., Энгельс Ф. 2-т., (56, 67 б.). Гегель философиясының спекулятивтік сипатын идеалистік ой қорытындысын және ашық теологияны туғызуы мүмкін. Фейербах «ессіз спекуляция философиясын» қатты сыңға алды. Спекулятивті философияға қарсы күрес кейіннен қандай да болмасын философияға қарсы күреске ұласты. (Позитивизм). Спекулятивті философиянің негізсіздігін атап көрсете келіп, оның рационалды нәтижелері мен философиялық ойлау ерекшелігін ұғынуға ұмтылысын ескеру керек. Адамның сыртқы дүниеге қатынастарының жалпы формаларын арнайы зерттеуге байланысты бұл ерекшелік жалпы философияда спекулятивті түрде емес, қайта тақырыптық қызмет талдау жасау арқылы ашып көрсетіледі.