Спектакль қоғамы

lat: Spektákl qoǵamy

(society of the spectacle) Ги Дебордың тоғышар тұтынушы образында көретін, қоғамның шынайы тұншықтырушы сипатын таңғалыс сезімін туғызу арқылы көлегейлейтін заманауи капиталистік қоғам бейнесі үшін қолданған термині.