Сперматозоид

lat: Spermatozoıd

спермия, жануарлардың жəне көптеген өсімдіктер организімінің жетілген гаплоидты аталық жыныс клеткасы. Аталық жыныс клеткаларын сүтқоректілердің шəуітінен А. Левенгук 1677 жылы ашқан. Терминді К.М. Бэр 1827 жылы енгізген. Аталық жыныс клеткалары сперматогенез нəтижесінде түзіледі жəне жұмыртқаны ұрықтандырады. Сперматогенез жұмыртқамен қосылғаннан кейін зигота түзіледі жəне ұрықтың дамуы басталады. Жануарларда аталық жыныс клеткасының ұзындығы ондаған жəне жүздеген мкм., жəндіктерде бірнеше мм. Сперматозоидтың орташа көлемі адамда 16-19 мкм3. Сперматозоидтар саны коловраткаларда 100 шамасында; адамда жəне қоянда сперматозоидтың максимум күнделікті өнімділігі 108, жылқылар мен шошқаларда 1010. Сперматозоид жіпшелілер жəне жіпшесіздер болып бөлінеді. Сперматозоид барлық омыртқалылар мен омыртқасыздарға тəн; жіпшелері сұйық ортада қозғалуды қамтамасыз етеді (сырттай ұрықтануда суда, іштей ұрықтануда жыныс жолдарының сұйық ортасында). Ядросы орналасқан, аталық тұқым қуалау ақпараты сақталған қысқа бас бөлімінен тұрады. Сперматозоидтың аналық қынабында өмір сүру ұзақтығы 2,5 сағ., жатыр мойынында 48 сағ., қоянның жыныс жолында 30 сағ., жылқыларда 5-6 тəулік, құстарда 3 апта, араларда 3-4 жыл. Бас бөлімінің алдынға жағында сперматозоидтың жұмыртқа қабығына өтуін қамтамасыз ететін акросома кездеседі. Бас бөлімінің артқы жағында, қысқа мойыннан кейін жіпшелерге айналатын аралық бөлім орналасады. Сперматозоидтың аралық бөлімі көпшілігінде қысқа, проксимальді жəне дистальді центриолидан тұрады, жіпшелердің қозғалуына қуат беретін 4-10 митохондриямен айнала қоршалған. Аз қылтанды құрттарда, моллюскаларда жəне жəндіктерде митохондрия өзгереді жəне жанама ядроның жиынтығын түзеді. Сперматозоид жіпшелері қарапайымдылардың жіпшелерімен жəне көпклеткалы жануарлардың талшықты эпителийінің кірпікшелерімен ұқсас. Дистальді центриолидан фибрилл шоқтарынан тұратын остік жіпше жалғасады. Олардың сандары 11, орталығында 2 бірдей фибриллдер, ал периферия жағынан 9 жұптар орналасады. Остік жіптің жиырылуы жіпшелердің қозғалуына жəне сперматозоидтардың орналасуына көмектеседі. Жіпшенің остік жібінде қаңқа бұлшық еттеріне тəн жəне АТФ ыдырататын актин жəне миозин белоктары кездеседі. Көптеген жануарлардың ұрық безінде сперматогенездің бұзылуынан түзілетін бірнеше атипикалық сперматозоидтар кездеседі. Жіпшесіз сперматозоидтар кейбір құрттарға, шаянтəрізділерге жəне кенелерге тəн, олардың кейбіреулері амебоидты қозғалысқа қабілетті.