Стилистикалық норма

lat: Stılısıkalyq norma

тарихи тұрғыдан қалыптасқан, сонымен қатар даму заңдылықтарымен жалпы қабылданған тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерді тарату жиынтығы. Стилистикалық норма экспрессивті-стилистикалық және функционалды-стилистикалық норма болып екіге бөлінеді. Тіл нормасы белгілі жүйелілік пен бірізділікке бағынса, стилистикалық норма жалпы тіл нормасының талаптарына бағынбайды. Стилистикалық норма жалпы тіл нормасының аясында жетіле отырып, кей жағдайда табиғи тілдік құрылым заңдылықтарының шеңберінен шығып кетеді. Мысалы, инверсия тәсілі синтаксистік нормадан ауытқу болып табылғанымен, шығарманың әсерлілігін арттыру үшін қолданылған тәсіл ретінде стилистикалық нормаға сай болып табылады. Стилистикалық норманы қалыптастыруға негізінен стилистикалық категориялар мен стилистикалық каннотация көмектеседі. Стилистикалық норма тілдің көркемдік, сұлулық айшықтарын көрсету үшін қолданылатын тәсілдердің жиынтығы.