СТИЛИСТИКА

lat: StılısIKA

з а т. л и н г в. Тіл білімінің, тілдің көркемдегіш амал-тәсілдерін, қолданылу аясын, қатысымдық әрекетызметін зерттейтін саласы. Тіл мен әдебиет ғалымдарының тоғысуынан туған с т и л и с т и к а ғылымы қазақ тіл білімінің ең кенже қалған саласы («Қаз. әдеб.»). Аударма арқылы ана тілімізге лексикалық тұрғыдан ғана емес, с т и л и с т и к а саласынан да үлес қосамыз (М.Әуезов, Өрнекті сөз.). С т и л и с т и к а н ы ң қарастыратын мәселелері әртүрлі деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, сондайақ қарым-қатынастың сан алуан аялары (сфера) мен жағдайларындағы сөздердің қолдану заңдылықтары, әр аяға байланысты қолданыс тілін пайдалану, ең бастысы, тілдің қолданылуының коммуникативтік заңдылығы мәселелері болып табыладыаз. тілі. энцикл.).