Станокты пулемет

lat: Stanokty pýlemet

қуатты автоматты қару. Ол топталған тірі нысананы және 1000 метрлік қашықтықтағы атыс құралдарын атуға арналады. Құрамында 6-8 жауынгері бар пулемет бөлімшесі қолданады. Жорыққа шыққан кезде 3-4 жауынгер алып жүретіндей етіп бірнеше бөлшектерге бөлінеді, Атыс үшін 250 оқ сиятын лента пайдаланылады. Әуеде 500 м нысананы ата алады. Атыс дүркін-дүркін немесе ұзақ уақыт жүргізіледі. 1 минутта 250-300 оқ шығарады. Салмағы 20-65 кг. Соғыста пулеметті қолдану қорғаныстың тұрақтылығын арттырады, шабуылмен келе жатқан жау әскерлерінің қатарын ыдыратады. Жаяу әскерлердің, авиацияның соққы беру және атыс қуатын арттырады. Станокты пулеметтің қолданылуы әскерлерді ұйымдастыруға және тактикаға едәуір өзгерістер енгізді.