(structuralism) – швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюрдің идеяларына негізделген критицизм мектебі. Құрылымдық лингвистика сөздердің сөз таптары ретінде қызмет етуіне мүмкіндік жасайтын тіл бөліктері арасындағы қарым-қатынасқа ден қойды. Құрылымдық-әдеби сыншылар әдебиетті де тіл тәрізді бөлшектер арасындағы қарым-қатынас арқылы әрекет ететін жүйе ретінде қарастыруды жөн көрді. Мәселен, нарративті көркем шығарманың диахронды немесе уақыттық және синхронды немесе кеңістіктік өзегі бар. Баяндаудың әр сәті мүмкіндіктердің біреуін таңдаудан тұрады (бұл таңдауды, былайша айтқанда, парадигмалар жиынтығы деуге немесе ықтимал әрекеттер арасындағы нұсқалар тобы деуге де болады).