Стресс

lat: Stress

организмнің күшті тосын əсерге қайтаратын жалпылама қорқаныстық сипаттағы физиологиялық жауабы (булығу). Стрестің бірнеше түрі болады: антропогендік (жануарларда адам əрекеті нəтижесінде пайда болады), нервті-психикалық (психикалық үйлеспеушілік, дарақтардың шектен көп шоғырлануы, күшті айқай-шу т.б.), температуралық, жарықсəулелік т.б. Стресс жағдайында бейімделу синдромы деген атпен белгілі организмнің қорғаныс реакцияларының жиынтығы байқалады. Стрестің үш сатысы болады: дабыл, төзімділік жəне қажу сатылары.