Таңдап-талғап ала білу, саралау, талдау. Сөйлем сөзден өседі, оны таңдап, сұрыптап ала білу керек (Б. Қыдырбекұлы). Ертеңіне сондағы тәуір әншілерді іріктеп алады да, даярлыққа кіріседі (С. Омаров). Биязы жүнді қой тұқымдары аралас болса, оларды қырыққанда жүнді сорттауына да көп еңбек жұмсалады (С. Омаров). Шынтас он бес адамды, ішінде Жанар, Нағима бар, іріктеп, екшеп алды (Т. Ахтанов).