әр баспатабаққа қанша мәтін-бейне материалдары сыятынын көрсететін бірлік. Баспатабақтағы терілген таңбалар мен бейне материалдары неғұрлым көп болса, солғұрлым оның сыйымдылығы үлкен және керісінше терілген таңбалар мен бейне материалдар неғұрлым аз болса, сыйымдылық коэффициенті де солғұрлым кіші болады. Есептелген баспатабақтардың көлемін шартты баспатабақтардың көлеміне бөлгенде шыққан санды сыйымдылық коэффициенті деп атайды. Сыйымдылық коэффициенті бір санынан томен болса, қағаз шығынының көбейетінін көрсетеді. Бірақ поэзиялық басылымдарда, көркемсуретті басылымдарда, ішінде формулалары мен кестелері көп басылымдарда сыйымдылық коэффициентінің бір санынан көп болуы мүмкін емес.