Сынағыш, мінегіш, шенегіш, сынампаз

lat: Synaǵysh, minegish, shenegish, synampaz.

Сын айтқыш, мін таққыш, сынға алғыш. Өз басының міні көп адам өзгені сынағыш келеді деген осы ма әлде (Н. Қазыбеков). Сырттан баққыш, мінегіш, Сүрінгенге күлегеш, Жақсылардың жаңылғанын тілегіш, Қазақ аз ба қауымда (Ә. Тәжібаев). Ал мына жер шенегіш Сотников деген кісінің қазақ тілін жетік білуі Шоқанға сондай жақсы болды (С. Бегалин). Ерғожаның қалжыңшыл, адамнан сөз тартуға құмар, сынампаз кісі екені көрініп отыр (Ғ. Сланов).