Бегімшенің шешесі егде тартып қалса да, сынды әйел екен. (Б. Момышұлы). Алтай, тува тілдерінде сын «бой, тұла бойы, дене» мағынасында жұмсалады. Қазақ тіліндегі мүсінге, дене бітіміне байланысты айтылатын сынды сөзінің этимологиясы тува, алтай тілдеріндегі мағыналарынан шығып, адамның тұлғасы, тұла бойы келісті, әдемі, жақсы деген мағынаны береді. Сындарлы сөзінің де бұған қатысы бар болуға тиіс. (Ж. Б.)