Сырдария көтерілісі

lat: Syrdarıaá kóterilisi

осы өлкенің Әулиеата уезінде болған халық толқуы. Патша өкіметінің 1916 ж. 25 маусымдағы жарлығы бойынша Әулиеата уезінен тыл жұмысына 22 675 адам алынуға тиіс болды. Әулиеата уезі Мерке бөлімшесіндегі толқу тамыздың бас кезінде басталды, Әулиеата уезіндегі көтерілістің алғашқы кезеңіне Т.Рысқұлов қатысты. Т.Рысқұлов көтерілісті алдын ала ұйымдастыру, қарулы күрес ошақтарын өзара үйлестіру, орыс шаруаларымен қақтығыстарға бармау қажеттігі жайлы ұсыныстар айтты. Алайда бұл ұсыныстар көтерілістің жетекшілерінің пікірлерімен үйлеспеді. Көтерілісшілер селоларды қоршап алып, прапорщик Дудко командалық ететін жазалау тобына шабуылдар жасады. Бұған қарсы 1916 ж. қыркүйектің басында қосымша әскер жіберіп, Сырдария көтерілісі күшпен басылып, жанышталды.