Сырт көз

lat: Syrt kóz

Бөтен, бөгде кісі, өзге жұрт, айнала. С ы р т к ө з г е бейқам бозбала, Жоқтай-ақ қойда саудасы. «Суардым» десе сөз ғана, Ол емес, мотор қауғашы (Ж.Молдағалиев, Кісен ашқан). Өз ауылына баруға бел байлаған соң, Абай екі-үш күннен бері көп асығып, көп дегбірсізденген. С ы р т к ө з д е н жасырса да, Әйгерімді қатты сағынып, көп қобалжушы еді (М.Әуезов, Шығ.). Романның бірінші кітабы с ы р т к ө з г е ғана бітпеген сияқты («Жұлдыз»).