Тәуелділік

lat: TÁÝELDİLİK

з а т. 1. Бағыныштылық, байланыстылық.

Иә, табиғатқа тәуелсіз нәрсе бар ма?! Бәрі де тәуелді. Бірақ тәуелділікті кейде өз қолымыздан жасайтынымыз да әлі қалмай келеді-ау (К.Ахметбеков, Ақдала).

Экономикалық тәуелділік сөзсіз саяси тәуелділікке әкеліп соғады («Соц. Қаз.»).

2. и н ф. <ағыл. dependence> Функция мен оның аргументтері арасындағы қатынас; мәліметтер базасындағы мәліметтер ассоциациясы (Қаз. тілі термин. Информатика.).