ТӘУЛІК

lat: TÁÝLİK

зат. Күн мен түнді қоса есептегендегі 24 сағатқа тең уақыт . Бір тәулік өткен-ді, Ата бүркіт аш қалды. Қия тәртіп бөктерді, Қия тінтті тастарды, Күз ығысып кетті енді, Қиямет қыс басталды (1,216). Бәрі де ұнасымды: Неше тәулік түнерген күн ашылды, Алаңдарды кернеген сән-салтанат, Асылып Алатауға құлаш ұрды (2,215).