Орталық Азиядағы көшпелі халықтардың күнтізбесі. Тәңірлік күнтізбе бойынша Аспан жарықтарының, жұлдыздардың және жануарлар кейпіндегі Құдайлардың көмегімен әлемді бәрінен жоғары тұратын Тәңірі басқарады. Тәңірлік күнтізбе кұрылымдық негіздемесі – қазақтардағы мүшел (қар. Тәңір, мүшел) деп аталса, ал өзбек, түркімен, ноғай, әзербайжан, түріктерде мучаль, муджъаль болып табылады. Орталық және Оңтүстік Шығыс Азияның кең аймағының бәрінде бар.