ТӘЖ

lat: TÁJ

зат. Ханның, патшаның әшекейлеп, алтындатып арнайы жасатқан ресми баскиімі . Ойран қыл тәжін де, тағын да, Халықтар, патшаға бағынба! Өзіңде өзіңдік бақытың Тақ мінген азғынға жалынба! (1,117). Бар ғаламға ол әмірші, сонда өтеді уақыты, Сонда оның қаласы да, тәжі менен тақыты. Жолы болып, соған енген пенделердің бақыты! (5,10).