lat: TÁN
[и р. ] з а т. Адамның денесі, тұла бойы.
Тән көмілер, көмілмес еткен ісім, Ойлайтын да мен емес – бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін (А.Байтұрсынов, Шығ.).
Етің етке тигенде, демің тиіп сүйгенде, Тән шымырлап, бой еріп, Ішім оттай күйгенде (Абай, Тол. жин.).