ТӘРІЗДЕС

lat: TÁRİZDES

шыл. Сияқты, секілді, сықылды; ұқсас.

Тумбочканың үстіндегі саңырауқұлақ тәріздес қызыл лампаны жағып, жастығының астынан сағатын алып қараса, түнгі бір екен (3.Шашкин, Сенім).

Осы тәріздес сұрау Өтекеңе де, Бижамал апайға да орала берді (Б.Тоқтаров, Қыран.).

Жапырақ формасы бүйрек тәріздес, айнала жиегі тегіс (А.Алманиязов. Асқабақ).