Тәріздестеу

lat: TÁRİZDESTEÝ

с ы н. сияқтылау, секілділеу; ұқсастау.

Нақ қазіргі бейнесін көрген кісі оны адам болса, Алдар көседей, егер басқа бір нәрсеге теңегісі келсе, түлкі тәріздестеу дер еді (Б.Қыдырбекұлы, Шайтан.).