ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ

lat: TÁRBIE ÁDİSTERİ

Ересектер мен балалар арасыңдағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсеңділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұйымдастыру және т.б. жатады. Тәрбие әсерінің дағдарысы тәрбие әрекеттестігінде пайда болатын қиыншылық, мәселелер. Түрлері: әрекет дағдарысы (тым кедергісіз болғандықтан даму процесі тоқталады), орта дағдарысы (бала айналасы оң әсер туғызудан қалады), зат дағдарысы, сөз дағдарысы, т.б.