lat: TÁRBIELİK Jaǵdaıat
Шәкірттердің оқудан тыс іс-әрекеттерінің көрінісі. Тәрбиелік жағдаят шәкірттердің оқудан тыс әрекеттерінің арнайы ұйымдастырылуын да қамтиды.
Тәрбиелік жағдаят – баланы дамытуға, яғни оның өзін-өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруге бағытталған қарым-қатынас. Тәрбиелік жағдаят – адамзат тәжірибесінің алмасуы мен меңгерілуі, пайдаланылуы. Тәрбиенің нәтижелілігі – іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру мен атқару арқылы жүзеге асады. Тәрбиелік жағдаят – тұлға үшін маңызды сапалар және қасиеттердің әлеуметтік қалыптасуының өлшемі, тәрбиелеуші үрдістің нәтижесін сипаттайды.