Шәкірттердің оқудан тыс іс- әрекеттерінің көрінісі. Тәрбиелік жағдаят шәкірттердің оқудан тыс әрекеттерінің арнайы ұйымдастырылуын да қамтиды. Тәрбиелік жағдаят — баланы дамытуға, яғни оның өзін-өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым-қатынас. Тәрбиелік жағдаят — адамзат тәжірибесінің алмасуы мен меңгерілуі, пайдаланылуы. Тәрбиенің нәтижелілігі — іс-шараларды дұрыс ұйымдастыру мен атқару арқылы жүзеге асады. Тәрбиелік жағдаят— тұлға үшін маңызды сапалар және қасиеттердің әлеуметтік қалыптасуының өлшемі, тәрбиелеуші үрдістің нәтижесін сипаттайды.