Адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн-жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы; адамдардың мінез-құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не қайсыбір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестілігін бейнелейді. Тәртіп — адамның мәдениетінің ең маңызды өлшемдерінің бірі ретінде оның әртүрлі салаларындағы қоғамдық мінез-құлқын сипаттайды. Тәртіптілік — адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққа әдеттену. Тәртіп— адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және оларды игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси-этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе. Осы жүйені орындау арқылы адамның қоғамдағы қарым-катынасы, еңбекке қатысы айқындалады. Тәртіп нормалары әдет-ғұрып, дәстүр, қоғамдық дағдылар арқылы көрініс табады. Ол қоғамдық орындар мен жеке топтарда, отбасы бірлестіктерінде іске асырылады. Тәртіпсіз ешбір қоғамның нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін емес. Тәртігггі сақтау саналы түрде іске асырылғанда ғана іс нәтижелі, жемісті болады. Зорлау, күштеу арқылы орнатылған тәртіп титтей ыза, кек туғызып, жұмыста тиісті нәтиже бермейді. Ол өнімнің сапасына да кері әсер етуі мүмкін. Тәртіптілік. тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну (өзіндік тәртіп) мен қоғамдық нұсқауларға (зандар, нормалар, принциптер) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. Қоғамдық Тәртіп адамдардың мінез-құлқы мен жүріс-тұрысына үйлесімді, жөн-жосықты сипат береді, ұжымдық іс-әрекеттің өнімді болуының, әлеуметтік институттар мен ұйымдардың қалыпты қызмет атқаруының, тұлғааралық қарым-қатынастардың дұрыс болуының алғышарты болып табылады.