lat: TÓŃKERÝLİ
с ы н. Төңкерілген, асты үстіне қаратып аударылған.
Айналада төңкерулі қазандай іркес-тіркес ұсақ төбелер (З.Асабаев, Жарас.).
Көк теңбіл, боз ала, қара жолақ доп-домалақ қарбыздарым төңкерулі кішігірім қазанға ұқсайды (Ө.Қанахин, Жер бас.).
Сосын төбесіндегі төңкерулі кесеге екінші кесені алшысынан қойды (Ш.Смаханұлы, Қыр сыры).