lat: TÓŃKERGİSH
з а т. т е х. 1. Қабырғалары ашылмайтын шанапты вагоншалардың жүгін түсіретін механизм.
Айналдырып төңкергіштің тұрқысы (барабаны) екі жұп аунақшаға тіреледі, олардың бірі жетекпен механикалық байланыста болады (Қаз. тілі. термин. Кен.).
2. Пісірілетін бұйымды горизонталь және тік бетте айналдыру арқылы пісіруді төменгі жазықтықта жүргізуге мүмкіндік тудыратын механизм (Қаз. тілі. термин. Машина жасау).