lat: TÓBELİ
с ы н. 1. Шатырлы, шатыры бар.
Ата-бабалардың киіз үйлері болады екен. Бізде ол жоқ. Біздің үйіміз көк төбелі, көк терезелі (М.Тлеков, Дала.).
2. Бас киімі үшкір, биік төбелі деген мағынада.
Қасына ерген үш шошақ төбелі солдаттармен күйеу бала өзара, өзге тілде сөйлеседі (Қ.Кереева, Құндыз.).