lat: TÓBELİK
з а т. 1. Бір заттың төбе тұсы, ең жоғарғы жағы.
Дөңгеленген дәл төбелігіне жарқыраған мөлдір хрустальдан шыр айнала сырға таққан (Ө.Тұрманжанов, Адам.).
Бұл кезде күн көтеріліп, төбелікке кеп қалса да, жер әлі ақ қырау (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн).
2. с ә ул е т. Арканың, архитравтың, слезниктің және т.б. архитектуралық жолмен кеңейтілген төменгі беті.
3. Театр сахнасының жарық түсіруші құралдарыілінетін орын, жер.