ТӨБЕТ

lat: TÓBET

зат. Қора күзететін үлкен арлан ит.

Төбеттер жүр қораны шыр айналып,

Тура тарттым, тұрмадым мың ойланып.

Қорқыныш та, үрей де былай қалып,

Тақадым-ау қыстауға құлай барып (1,245).

Қаралы ару қамығып, зарланады,

Қара төбет сүйекпен алданады.

Шашбаулары сылдырап Шолпан қыздың,

Жас Шоқанның жүзіне таңданады (2,328).